Жұмыс аймағындағы бағандар жиынтығын қалай өзгертуге болады

Басқару консолі жұмыс аймағында көрсетілетін бағандар жиынтығын өзгертуге мүмкіндік береді.

Жұмыс аймағындағы бағандар жиынтығын өзгерту үшін:

  1. Бағандар жиынтығын өзгерткіңіз келетін консоль шежіресі нысанын таңдаңыз.
  2. Қалтаның жұмыс аймағында Бағандарды қосу/жою сілтемесі бойынша бағандар жиынтығын конфигурациялау терезесін ашыңыз.
  3. Бағандарды қосу/жою терезесінде көрсету үшін бағандар жиынтығын құрастырыңыз.
Басына оралу